Алматыда ерекше балалар «Аутизмді жеңеміз!» атты концерт ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ерекше балалар «Аутизмді жеңеміз!» атты концерт ұйымдастырды

02.04.2022

Шара Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай өтті. Концертті балалардың өзі жүргізіп, өнерін паш етті. Бірі өлең-жыр оқып, ән шырқаса, енді бірі пианинода ойнап, көпшілікті таң қалдырды. Көңілді кеште би билеп, әзіл айтқан балғындар мерекенің шырайын аша түсті. 2000 жылдары елімізде 150 сәбидің бірінен аутизм дерті анықталса, қазір бұл диагноз әрбір 54-ші балаға қойылады. 
Аружан Саин, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
Бүгінгі концертіміз аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналарына зор сенім сыйлайтын игілікті шара болса деймін. Себебі, жыл сайын мұндай диагноз қойылатын бүлдіршіндер саны артып жатыр. Өкінішке қарай, бұл дерт дәрімен немесе операция жасап емделмейді. Ал біздің мақсатымыз - барынша қолдау көрсету. Алғаш келгенде мүлдем сөйлемейтін балалар бүгін үлкен сахнада өнер көрсетіп, бізді қуантып жатыр.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу