Алматы облысында қару-жарақ жасырылған орын табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қару-жарақ жасырылған орын табылды

02.04.2022

Көлік полициясы департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің мәліметінше, қараусыз қалған ғимараттан тегіс ұңғылы мылтық пен 60 патрон, оқ өткізбейтін кеудеше және радиостанция табылды. Әлдекімдер қару-жарақты көрпеге орап, топырақ астына жасырыпты. Қару-жарақты заңсыз сақтауға қатысы бар күдіктілер іздестіріліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Нұрсұлтан Тілектесов

Хабарламаларға жазылу