Мамандар Өскемен қаласы, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха ауданындағы өзендердің жай-күйі мен Ертістегі гидрологиялық жағдайды тексерді. Өңірде қар әлі де қалың. Көктемгі су тасқынының алдын алуға 100 мыңнан астам қап құм, 7 мың тоннадай инертті материал дайындалған. Жанар-жағар май қоры жеткілікті. Арнайы техника мен қажетті мотопомпалар да бар. Эвакуациялық пункттер жасақталған.
Дарын Сағитов