Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

02.04.2022

Бүгін барша мұсылман үшін қасиетті ай басталды. Осы күннен бастап жамағат ауыз бекітіп 30 күн Ораза тұтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

«Осы күндерде азаматтарымыз рухани тазарып, жан дүниесін жаңғыртады, жақсылық жасайды. Рамазан айында имандылық, жанашырлық және мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтардың қадірі арта түседі. Исламның гуманистік идеалары еліміздегі береке мен бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін маңызды рөл атқарады. Біз халқымыздың ырыс-ынтымағының арқасында кез-келген қиындықты еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басамыз. Қасиетті Ораза айында бүкіл мұсылманның жүрегін қуаныш кернеп, жұртымыз татулық пен тыныштыққа бөлене берсін! Барша азаматтарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!» , - деді Президент.
Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу