Наурызда теңге біраз теңселіп, валюта бағамы күрт құбылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурызда теңге біраз теңселіп, валюта бағамы күрт құбылды

01.04.2022

Наурызда теңге біраз теңселіп, валюта бағамы күрт құбылды. Қарды нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банктың бірнеше рет интервенция жасағанын айтты. Сонымен өткен айдағы интервенциялардың жалпы сомасы 1 млрд долларға жуық, нақтырақ айтсақ 990 млн 500 мың долларға жетіпті. 15 наурызда доллар 512 теңгеге дейін бір-ақ өскен еді. Алайда осыдан кейін ұлттық валюта біртіндеп нығая түсті. KASE-дегі сауда қорытындысына сай, бүгін АҚШ валютасы 5 теңге 78 тиынға қымбаттап, 472 теңгеге теңесті.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу