Тәуелсіздігімізді алғанға дейін де, алғаннан кейін де Павлодар қаласында қазақтың бірде-бір ханына, батырына ескерткіш қойылған жоқ. Тіпті, бір көше атауы берілмеген болатын. Бүгін осы олқылықтың орны толып, шаһардың нақ ортасынан батыр Баян Қосаболатұлының ескерткіші ашылды. Бес қаруын бойына асынған батыр бейнесі таза қоладан жасалған.
Тұғырдағы биіктігі-10 метр. Мүсіннің авторы елімізге белгілі шебер Едіге Рахмадиев. Баян батыр қазақ жұртының тәуелсіздігі үшін күресті. XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар шайқастарында халқымыздың туын жықпай, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен хас батыр.
Мақсұт Нәрікбаев, «Баян батыр» қоғамдық қорының төрағасы:
Павлодар қаласының орталығында осындай ескерткіштің орнатылып жатқандығы біздің халқымыздың рухын көтеріп қана қоймай, алға қарай жылжитын жағдайға жеткендігіміздің бірден-бір нышаны. Егемендігіміздің туын биіктетіп, шекарамыздың беріктігін дәлелдейтінбелгі болып есептеледі.
Болат АМАНБАЕВ