Қызылорда облысының 116 елдімекенінде Конго-Қырым қанды безгегінің таралу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының 116 елдімекенінде Конго-Қырым қанды безгегінің таралу қаупі бар

01.04.2022

Мамандар облыстағы 239 ауылдық жерге зоологиялық барлау жүргізіп, 5 мыңнан аса кенеден сынама алған. Зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сәйкес сәуір айының екінші он күндігінде басталмақ. Қазір облыста эпидахуал тұрақты. Жыл басынан бері 11 адамды кене шағып, дәрігердің көмегіне жүгінген. Былтыр Конго-Қырым қанды безгегіне 12 тұрғын шалдыққан. Өлім-жітім тіркелмеген. Кенеден келген кеселден өлімге әкелген қайғылы жағдай соңғы рет 2020 жылы болған.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу