Қанат Бозымбаев Жетісу және Алматы облыстарының қалай бөлінетінін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Бозымбаев Жетісу және Алматы облыстарының қалай бөлінетінін айтты

01.04.2022

Алматы облыстық Мәслихаты Президенттің Жетісу облысын құру туралы бастамасын бірауыздан қолдады. 25 жыл бұрын екі аймақ біріктірілгенге дейінгі әкімшілік аумақтар сақталады. Жаңадан құрылатын Жетісу облысында бұрынғы Талдықорған облысы құрамында болған елдімекендер қалады. Яғни 8 аудан мен 2 қала. Алматы облысының құрамында 9 аудан 1 қала болады. Қазір Мемлекет басшысының әкімшілік-аумақтық құрылым туралы Жарлығын қабылдау жөніндегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Облысты бөлу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды.

Болатжан Нұрбеков,  Алматы облыстық мәслихатының депутаты:
Бұл Жетісу өңірі ауылшаруашылығы өндірісінің орталығы болғаны бәрімізге белгілі. Сондықтан да ауылшаруашылығы саласының дамуына үлкен мүмкіндік береді деп сенеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының осы Жетісу облысын құру туралы бастамасын депутат ретінде қолдаймын.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу