Украина мен Ресей: Бейбітшілік жөнінде келіссөздер жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина мен Ресей: Бейбітшілік жөнінде келіссөздер жалғасады

01.04.2022

Украина мен Ресей делегаттары келіссөздерді қайта жалғастыруы мүмкін. Жиынды видеоконференция форматында өткізу жоспарланып отыр. Алайда мыңдаған адамды мерт қылып, 4 миллионнан астам тұрғынды шетелге қашуға мәжбүрлеген қарулы қақтығыстарға бұл келіссөздер нүкте қоярына сенім жоқ.

Ресми Киев пен НАТО-ның мәлімдеуінше, Ресей қарулы күштері елдің солтүстігі мен орталығынан шығысқа ойысып, қайта топтасып жатыр. Осы аптада Мәскеу Киев пен Черниговта операцияларды айтарлықтай қысқартқаны белгілі. Бар күшті Донбассты бақылауға алуға жұмсайтынын мәлімдеген. Луганск және Донецк облыстарының кей аудандарында көтерілісшілер 8 жылдан бері Украина армиясымен қақтығысып келеді.


Хабарламаларға жазылу