Су тасқынынан мыңнан астам ауылға қауіп бар. Қазір барлық өңір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жол картасы бойынша шараларды жеделдету үшін арнайы жоспар құрылды. Асима Нұрбайқызы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне барды.
Асима Нұрбайқызы, тілші:
Ел бойынша қазір қызыл судан қауіп көп. Күн күрт жылынса өзендер тасып, жиналған су арнасынан асады. 1 000-нан астам елдімекен су астында қалуы мүмкін. Су ғана емес, еріп үлгермеген мұздан да қатер бар. Сондықтан жедел әрекет етпесе болмайды. Тасқынға тосқын керек. Ол үшін жол картасы әзірленді. Қазір көктемгі қауіпке ел бойынша дайындық күшейтілді. Қауіп-қатері көп өңірлерге бақылау бекеттері қойылып жатыр.
Асима Нұрбайқызы