Бос жатқан алқаптар шаруаларға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бос жатқан алқаптар шаруаларға беріледі

01.04.2022

Пайдаланылмай жатқан жерлер жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарына беріледі. Соңғы үш жылда елімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 8,1 млн гектар бос жатқаны анықталған. Тексеру жүргізілген соң 3,4 млн гектар жер телімін бұрынғы меншік иелері игере бастады. Ал қалғаны қазір жергілікті атқарушы органдардың қарауында. Бұл туралы Үкімет жанындағы экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Жиында негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру мәселелері де қаралды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу