Батыс Қазақстан облысында қарғын су жолды шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында қарғын су жолды шайып кетті

31.03.2022

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Ақтайсай ауылында қарғын су жолды шайып кетті. Ауыл мен аудан орталығы арасында қатынас тоқтады.

Ауылға сайдан келген қарғын су жалғыз жол мен су өткелін бұзып өткен. Қазір ауыл мен аудан орталығына қатынас тоқтап тұр. Ауылда 600-дей адам тұрады. Зардап шеккендер жоқ. Азық-түлік керек болса, шұғыл ауруханаға бару қажеттігі туындаған жағайда қайықпен қатынамақ. Дәл қазіргі ақпарат бойынша, су әлі келіп жатыр. Бірақ ауылды айналып өтуі тиіс. Өйткені елді мекен биікте орналасқан. Ауыл тұрғындары тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Сондай-ақ, Шыңғырлау ауданында да Ақбұлақ ауылының маңында жолды су шайып, бұзып өткен. Ол жақта да кезекшілік ұйымдастырылды. Жалпы биыл өңірде 49 елді мекенді су басу қаупі бар деп ескертілді. Алайда гидротехникалық нысандар тасқынға дайын болмай шықты.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу