Қарағанды облысында дауылдан кейінгі шығын көлемі есептеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында дауылдан кейінгі шығын көлемі есептеліп жатыр

31.03.2022

Қарағанды облысында 29-наурыз күні болған дауылдан кейінгі шығын көлемі есептеліп жатыр. Өңірдегі бірқатар үйлер мен ғимараттарға зақым келді. Облыс орталығының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданында үш көпқабатты үйдің, ал Приозерск қаласында бір үйдің шатыры құлаған. Нұра ауданы Қарой ауылындағы орта мектеп спорт залының, Қушоқы кентіндегі мәдениет үйінің жабындысын жел көтеріп әкеткен. Қазір жергілікті әкімдіктер тарапынан құрылған комиссия жұмыс істеуде. Осыдан соң қалпына келтіру жұмыстары басталады. Облыс бойынша Нұра ауданына қарасты Изенді ауылындағы мәдениет үйі қатты зақымданған. 

Айдос Ағзамов, Изенді ауылының әкімі: 
29-шы наурыз күні Изенді ауылы мәдениет үйінің 430 шаршы метр шатырын қатты жел ұшырып әкетті. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан болған жағдай. Қазіргі таңда комиссия құрылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу