Шығыстағы Үржар ауданының тұрғындары егіске су жеткізе алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы Үржар ауданының тұрғындары егіске су жеткізе алмай отыр

30.03.2022

Шығыстағы Үржар ауданының тұрғындары егіске су жеткізе алмай отыр. Жылдағы жағдай осы деп шырылдайды диқандар. Өңірдегі шаруалар суармалы алқаптың 5 пайызын ғана пайдаланып отыр. Қалғаны бос жатыр. Жаз ортасына қарай су жетпей, диқандар кезекке тұрады. Мәселе Қаракөл өзеніндегі бөгет құрылысының тым созылып кетуінен туындаған. Депутат Әмірхан Рахымжанов құрылыс 80-ші жылдары басталып, бюджеттің қыруар қаржысы жұмсалғанын айтады. Бірақ, әлі күнге нәтиже жоқ, - дейді үкіметке сауал жолдаған ол. Стратегиялық маңызы зор су қоймасы ауылдарды тіршілік нәрімен қамтып қана қоймай, жылына 7 млн квт/сағатқа дейін электр қуатын өндіре алады. 

Нысаналы Ығыл 

Хабарламаларға жазылу