Қаңтар оқиғасы: Алматы облысында 345 дана қару әлі табылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: Алматы облысында 345 дана қару әлі табылмады

30.03.2022

Қазір жаппай тәртіпсіздік және террористік актілер дерегі бойынша 526 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде 10 іс қару жарақ ұрлау фактісі. Жалпы өткен жылы өңірде 14 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Зорлау, қарақшылық, тонау, бұзақылық сияқты кейбір қылмыс түрлері азайған. Алайда облыста мал ұрлығы мен ғаламтор алаяқтары көбейіп отыр. Департамент басшысы қаңтар оқиғасында тоналған қару-жарақты тұрғындар өз еркімен тапсырса ешқандай қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылмайтынын ескертті.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу