Украинаның бірнеше қаласында қиянкескі шайқас жүріп жатыр. Донецкіде снаряд көпқабатты тұрғын үйге құлады. Ал Николаев қаласында облыстық әкімшілік ғимаратына жасалған соққыдан 14 адам мерт болған. Мариуполь көшелерінде ұрыс аяқталған жоқ. Ондаған мың бейбіт тұрғынды қауіпсіз жерге көшіру мүмкін болмай тұр. Британия қорғаныс министрлігі- Ресей әскери бөлімшелерінің қайта ұйымдасу үшін Беларусь жеріне оралып жатқанын хабарлады. Кеше Ресей Киев пен Чернигов қаласы маңындағы операциялар айтарлықтай қысқаратынын мәлімдеген еді. Дегенмен Украина мен Батыс елдері, Мәскеудің бұл мәлімдемесіне сақтықпен қарау керектігін ескертіп отыр.
Айта кетсек, Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты аяқтауға бағытталған келіссөздер кеше Түркияның Ыстаvбұл қаласында өтті. Қос мемлекеттің сыртқы істер министрлері, одан кейін президенттері кездеседі деген жоспар бар. Нақты уақыты белгіленген жоқ.
Арай Төлегенқызы