Еуропалық Одақ Қазақстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақ Қазақстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға ниетті

30.03.2022

Екіжақты алыс-берісті күшейтудің жолдарын талқылау мақсатында, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ержан Сүлейменов пен Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан, Брюссельде бірқатар кездесу өткізді. Қазақстандық делегация өкілдері Еуропалық Одақтың энергетика, көлік, сауда, ауылшаруашылығы бойынша комиссарларымен кездесіп, өзара ынтымақты арттырудың жайын талқылады. Сондай-ақ кездесуде тараптар азық-түлік қауіпсіздігі, Қазақстанның көлік әлеуетін арттыру және отандық тауарларды Еуропаға көптеп экспорттау жайын талқылады. 

Ержан Қазыхан, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі:
Еуропа тұтынушыларына тауарды кедергісіз тасымалдау үшін біз қазір жаңа жолдар, жаңа маршруттар іздестіріп жатырмыз. Геосаяи ахуалға байланысты Қазақстан транзиттік көршілеріне тәуелділікті азайтып, орталық дәлізді, «Транскаспий» маршрутын, Солтүстік маршрутты тиімді пайдаланудан үмітті.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу