Қазақстанның ұн экспорты азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның ұн экспорты азайған

30.03.2022

Көрші елдер Қазақстанның бидайын сатып алып, астық өңдеуді дамыта бастады. Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан ұн жеткізуге кедергі келтіріп отыр. Өткен 8 жылда Өзбекстанға бидай экспорты 658 мың тоннадан 3 млн-ға дейін өскен. Ал,Тәжікстанға 218 мыңнан бастап, ақыры 1 млн тоннадан асқан. Салдарынан ұн өткізу көлемі кеміді. Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдаған мәжілісмен Аманғали Бердалин тарифке қатысты мәселелерді пысықтау қажеттігін айтты. Сондай-ақ ішкі нарықта астық сатуды ынталандыру керектігін де алға тартып отыр.

Аманғали Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Диірмен кәсіпорындарына бидай сатқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы шикізатын экспорттау кезінде - 0%, ұн экспорттау кезінде – 100% (Қытай тәжірибесі бойынша) ҚҚС-ты сараланған  қайтару ұсынылады. Мұндай шара қазақстандық ұн бағасының айырмасын қысқартуға және сонымен бірге Ресейден Қазақстанға астықтың көлеңкелі импортымен күресуге мүмкіндік береді. 


Хабарламаларға жазылу