Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді. Олардың екі миллионнан астамы Польшаны паналаған. Украин-поляк шекарасына жақын қала Краковтан тілшіміз Аида Әбіл тікелей эфирге шықты.
Аида Әбіл, тілші:
Мен қазір Краков қаласындағы авто және теміржол вокзалында тұрмын. Мұнда Украинадан ағылған босқындарға бірден дәл осы жерде мынандай ыстық тамақ беру нүктесі орналасқан. Мұнда шай-кофеден бөлек жеке гигиена заттары, бала жөргектері сияқты заттарды да тегін алуға болады. Жалпы Украинаға тегін қоңырау шалуға болатын телефон SIM-картасынан бастап дәл вокзалда жатын орын, жылы киім, ары қарай Еуропаның басқа қаласына жеткізетін автобус, теміржол және әуе қатынастары да босқындарға тегін ұсынылады. «Украиналықтарға жұмыс»,- деген хабарландыруды көруге болады. Көбінесе кішкентай балаларын жетектеген әйел адамдар мен жасөспірім балалар жүр.
Украиналықтарға Польша жерінде 18 айдан 3 жылға дейін тұрақтап, жұмыс істеуге заң бойынша мүмкіндік жасалмақ. Сондай-ақ өз үйлеріне украиналықтарды қабылдаған Польша тұрғындары биліктен күніне 9, ал айына 263 доллар көмек ақша алуға құжат рәсімдей алады.