Атырауда қатты жел тұрып, бірқатар әлеуметтік нысандарға зақым келді. Қазір қала аумағында арнайы топ құрылып, мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Кеше шаңды дауыл соғып, соңы қатты желге ұласты. Екпіні секундына 29 метрге дейін жетті. Салдарынан ондаған тұрғын үйдің шатыры ұшып, қасбеті сыпырылып түсті. Сонымен қатар 3 балабақша мен облыстық кардиологиялық орталықтың ғимараты бүлінді. Теміржолға жақын орналасқан нысанның төбе жабындысы ұшып, пойыз жолын басып қалған. Қатты желден 3 адам жарақат алды.
Жандос Темірғали