Футболдан Ұлттық құрама Молдованы жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Ұлттық құрама Молдованы жеңді

30.03.2022

Футболдан Қазақстан құрамасы Молдованы пенальти сериясында 5-4 есебімен жеңді. Қарымта ойын кеше «Астана-Арена» стадионында өтті. Боранға қарамастан футболды тамашалау үшін «Астана-Арена» стадионына 13 мыңға жуық адам келді. Молдовалық футболшылар ойынды белсенді бастап, 13-ші минутта бір гол соғып үлгерді.

Қарсыластар қақпасына доп кіргізуге біздің спортшыларымызда мүмкіндік болған. Алайда негізгі ойында 1:0 есебімен Молдова жеңді. Екі ойынның қорытындысымен таразы басы теңескендіктен, кездесуі овертаймға, одан ары пенальтиге ұласты. Бұл сәтті ел құрамасы мүлт жібермей, қарсыластар қақпасына 5 гол соғып, Ұлттар лигасының С дивизионындағы орнын сақтап қалды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу