Еліміздің екі өңірінде арнайы операция өтіп «Айшуақ-Жантүгел» атты ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Олар бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Арнайы жасақ Алматы қаласында және Алматы облысында өткізген операция кезінде ұсталғандардан екі «Калашников» автоматы, аңшылыққа арналған 5 шолақ мылтық, екі жауынгерлік тапанша тапқан. Одан бөлек пневматикалық автомат пен қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше мен түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі алды.
Сондай-ақ 5700 доллар және 107 мың теңге тәркіленген. Ұсталғандардың қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік пен өзге де қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін.