Алдағы үш жылда 62 млн шаршы метр үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы үш жылда 62 млн шаршы метр үй салынады

29.03.2022

Алдағы үш жылда елде 62 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысында айтылды.

Сонымен қатар қазір 5 мыңнан астам мемлекеттік нысанның құрылысы жүріп жатыр. 286 нысанның құрылысы тоқтатылды. 84 нысанда жұмыстардың тоқтауына бағаның қымбаттауы себеп болса, 202 құрылыс ауа райына, маусымдық шектеулер сынды басқа себептерге байланысты тоқтатылды. Үкімет басшысы нысандарды салуға өткізілетін мемлекеттік конкурстардың жөн-жосықсыз ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тарту бойынша тапсырма берді.

Сондай-ақ мемлекеттік құрылысқа жұмсалатын шығындарды азайту үшін жауапты ведомствоға жобалау-сметалық құжаттама құнына талдау жүргізуді жүктеді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу