Қостанайлықтар боранмен арпалысып жатқанда, Шығыста соңғы үш тәуліктен бері толассыз жаңбыр жауып тұр. Аймақтағы оңтүстік аудандарда күртік қардың көбесі де күрт сөгілді. Дегенмен тасқын қаупі жоқ. Есесіне облыс орталығы Өскемен қаласын су басып жатыр. Кейбір орталық көшелердің өзі аяқ алып жүргісіз. Ал қаланың шетіндегі шағын аудандарда жағдай мүлде қиын. Кейбір үйлердің ауласы мен қора-қопсысын су басқан. Тұрғындардың айтуынша былтыр Ахмер ауылындағы орталық автокөлік жолын кеңейткен. Сол кезде су ағарларды бітеп тастаған.
Бақыт Асуов, қала тұрғыны:
Ана жолды кеңейткен. Сол кезде асфальтпен бәрін жауып кеткен. Содан міне ақпай жатыр.
Ерлан Исанов, қала тұрғыны:
Таудан су келгенде мынадай болмайтын. Мынау әшейін жаңбырдың суынан үйдің бәрін су алды. Міне, жол салғаннан. Былтыр 2021-жылы бастаған. Міне, жерде суағары өмірбақи болған.
Қаладағы комммуналдық мекемелер қазір тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшкен. Үйлерге кірген суды бірнеше техникамен тоқтаусыз сорғызып жатыр.
Олжас Керей