Ертеңнен бастап Ұмай ипотекасы қайтадан іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңнен бастап Ұмай ипотекасы қайтадан іске қосылады

28.03.2022

Ал ертеңнен бастап талаптары өзгерген Ұмай ипотекасы қайтадан іске қосылады. Әйелдерге арналған бағдарламаға қатысу үшін бұған дейін отбасы табысы 320 мыңнан аспауы керек болса, енді ол 630 мыңға дейін көбейіп отыр. Яғни табысы көп іскер әйелдер де ипотекаға үміт арта алады. Бастапқы жарна 15 пайыз, несие көлемі 30 миллион. Мерзімі 25 жыл. Мөлшерлеме 13 жарым пайыздан басталып, біртіндеп 5 поцентке дейін түседі. Жаңартылған бағдарламаға бұл жолы 14 миллиард теңге қарастырылған.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу