Шетелдік қазақстандықтардан тарту - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік қазақстандықтардан тарту

07.07.2014
Шетелдік қазақстандықтардан тарту

Елорданың төл мерекесіне шетелдегі қазақстандық өнер майталмандары тарту жасады. Олар «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында біздің әртістермен бірлесе «Чайковскийдің»  концертін берді.

Мақсат айқын - қалың қауымды қазақ өнерімен таныстыру. Жалпы, мұндай салтанатты кеш бүгінде дәстүрге айналған. Он жылдан бері қойылып келеді. Әр маусымында ерекшеленіп, түрленіп барады. Қатысушылардың саны да, концерттің сапасы да артқан.

Амир Тебенихин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Бүгінгі концерттің бағдарламасы өте алуан түрлі, күрделі. Бір емес, бірнеше туынды қойылады. Барлығы да көрермен игілігі үшін. Мұндай концерт осыдан он жыл бұрын қолға алынды. Кейіннен арасында үзіліс болып, қайта бастау алды. Өте қуаныштымын.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу