Жезқазған қаласында жастардың жаппай төбелесі болған. Жанжалды куәгерлер ұялы телефонына түсіріп, бейнежазбаны әлеуметтік желіге таратқан. Полиция жедел-іздестіру шаралары барысында 17-18 жас аралығындағы 4 күдіктіні ұстады. Олардың үстінен жәбірленушілердің бірі арыз жазған. Қазір бұзақыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Руслан Нұрланұлы