Украинадан 16 азамат елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадан 16 азамат елге оралды

25.03.2022

Әскери қақтығыс басталған бір айдың ішінде 10 млннан астам украиналық үй-жайын тастап, босып кетті. Яғни әр бесінші тұрғын тыныштық іздеп, бас сауғалауға мәжбүр. Украинадағы қазір жағдай қалай?

Аида Әбіл, тілші:

Миллиондаған адам Украинаның солтүстігі мен шығысынан елдің батыс өңіріне үдере көшкен. Украинаның барлық аумағы аумалы төкпелі заманды бастан кешіп жатыр. Әсіре Киев, Буча, Мариуполь, Ирпень, Чернигов, Харьков, Житомир, Изюм қалаларында жағдай қиын. Луганск, Донецк, Николаев және Сумск өңірінде ұрыс бір сағатқа да тоқтаған жоқ. Оқтан қорғанып, тығылған халық су мен жарыққа мұқтаж. Олардың саны жүз мыңға жуықтайды. БҰҰ 135 баланың көз жұмғанын мәлімдеді. Мариупольдегі қайғылы жағдайды білесіздер. Драмтеатрға жасалған реката шабуылынан мыңдаған адам сонда жасырынған еді, бүгін Мариуполь әкімшілігі сол театр астында 300 адамның қайтыс болғанын жариялады.
Украинадан елге оралған қазақстандықтардың саны 800 ге жуықтады. Біздің Украинадағы елшілік жерлестерімізді эвакуациялауды әлі күнге дейін жалғастыруда. Күні кеше ғана 16 қазақстандық арнайы автобуспен Польшаның Катовице қаласына жеткізілді.Ары қарай олар арнайы ұшақпен елге жөнелтіледі. Атап өту керек, тек қазақстандықтар ғана емес, этникалық қазақтардың да елге оралуына мүмкіншілік жасалуда. Күннен-күнге елге қайтуға ниет білдіргендердің саны артпаса кеміген жоқ.

Аида Әбіл

Хабарламаларға жазылу