Петропавл жылу электр орталығындағы құлаған мұржаның орнына жаңасы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл жылу электр орталығындағы құлаған мұржаның орнына жаңасы салынады

25.03.2022

Петропавл жылу электр орталығындағы құлаған мұржаның орнына жаңасы салынады. Бұл туралы кәсіпорын басшылығы мәлімдеді. Жаңа мұржаның құрылысы нақты қашан басталары әзірге анық емес. Әуелі, құлаған мұржаның қалған бөлігін алып тастау қажет. Ал жаңасы келесі жылыту маусымына дейін орнатылуы тиіс. Себебі тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету үшін екі мұржа жеткіліксіз, - дейді мамандар.

Михаил косачёв, «Севказэнерго» АҚ Бас директоры:

Мұржаны алып тастау мәселесі бойынша отандық және шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар басқа мұржаларды бастан аяқ жөндеу жоспары әзірленуде. Өйткені келер жылы тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету керек. Мұржалар соңғы рет 2017 жылы жөнделген болатын.

Сондай ақ, экологтар апаттан кейін ауаны тексерген болатын. Сараптама қорытындысына сәйкес қоршаған ортаның шамадан тыс ластануы тіркелмепті.


Хабарламаларға жазылу