Ал зейнетақы қорындағы қаржыны ескі жеткілікті шек бойынша алу үшін наурыздың 28-іне дейін өтініш беру керек. Одан кейін үлгермей қалу қауіпі бар. Сәуірден бастап өзгеріс күшіне енеді. Осыған орай Зейнетақы қоры тұрғындарды жылдамырақ әрекет етуге шақырып отыр. Айтуларынша, айдың соңғы күні жіберілген өтініштер де ескерусіз қалмайды. Бірақ олар қабылданып үлгермей қалуы мүмкін. Айта кетейін, осы уақытқа дейін үйге және емделуге деп миллионнан астам өтініш түсіп, 2 триллион 700 миллиард теңге аударылды.