Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы жөндеу жақын арада аяқталмаса, Қазақстан шикізатты 3 бағыт бойынша экспорттай алады. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Атыраудан Самараға дейінгі мұнай құбыры арқылы, шикізат тасымалдауға болады. Бұл құбыр арқылы қазір еліміз 7 млн тоннаға дейін қара алтын экспорттай алады. Бірақ оның сапасына кері әсер етуі мүмкін. Өйткені Каспий құбыр консорциумы «сиписи брент» деп аталатын сапалы мұнайды тасымалдап келді. Ал Атасу-Алашаңқай мұнай құбыры арқылы тасымалдауға, қазіргі құбырдың мүмкіндігі жетпейді. Министр сол үшін Атыраудан Кеңқияққа баратын құбырды кеңейту туралы тапсырма берілгенін айтты. Оның қуатын 12 млн тоннаға дейін жеткізуге болады. Тағы бір балама бағыт - Ақтау теңіз порты.
Болат Ақшолақов, ҚР энергетика министрі:
Бұл порт арқылы мысалы біздер қазіргі уақытта 5 млн тоннаға дейін жіберуге болады. Бұның себебі Баку Әзербайжан жеріне жетіп, одан кейін Қара теңізге жеткізуге болады. Одан кейін кемемен апаруға болады тұтынушыларға. Теміржолмен жеткізуге болады. Өкінішке орай бізде теміржолдың вагондары шектеулі болып тұр.