Депутаттар Қапшағайға Дінмұхамед Қонаев есімін беруді қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар Қапшағайға Дінмұхамед Қонаев есімін беруді қолдады

25.03.2022

Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімін беруді жергілікті мәслихат депутаттары қолдады. Бұл туралы қаланың әлеуметтік және мәдени мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында айтылды.

Бұған дейін қаланың ішкі саясат бөліміне бірнеше үкіметтік емес ұйымдардан, тұрғындардан және «AMANAT», «Ақ жол» партияларынан Қапшағай қаласын «Дінмұхамед Қонаев» деп атау туралы қолдаухат көп түскен. Мәслихат депутаттары мемлекет қайраткерінің еңбегін ескере отырып, дауыс беру нәтижесінде шаһарға оның есімін беруді бірауыздан қолдады.


Хабарламаларға жазылу