Футболдан UEFA Ұлттар лигасы өтпелі сатысының алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Молдованы жеңді. (( КСМ:)) Кездесуде есепті алаң иелері ашқан. Қазақстандық Сергей Малый 63-ші минутта гол соғып, таразы басын теңестірді. Ал 79-минутта алаң иелері сапынан Вячеслав Посмак өзінің қақпасына гол соғып алды. Есеп 2:1. Осылайша, ел құрамасы кешегі кездесуде жеңіске жетті. Айта кетейік, екі құрама 29 наурызда Елордада қарымта ойын өткізеді. Жеңімпаз құрама алдағы кезеңде «С» лигасындағы орнын сақтап қалса, жеңілген команда «Д» лигасына түседі.
Андрей Карпович, Қазақстан Ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы
Оңай ойын күткен жоқпыз. Қарсыластар өз алаңында ойнады. Оның да ықпалы бар. Молдова құрамасының сапында кілең мықты ойыншылар екенін біз жақсы білеміз. Сондықтан, босаңсуға жол бермедік. Жеңісімізге өте қуаныштымыз. Дегенмен, әлі ештеңе шешілген жоқ. Бәрі Нұр-Сұлтанда белгілі болады. Елордада оңай ойын күтіп тұрған жоқ. Тыңғылықты дайындалуымыз керек.
Дарын Сағитов