Алматыда мас жүргізуші жан түршгерлік жол апатын жасады. Хмельницкий және Гете көшелерінің қилысындағы бейнебақылау камераларына «Toyota Prado» және «Jeep» автокөліктерінің соқтығысқаны түсіп қалған.
Салдарынан «Jeep» көлігінде отырған 19 жастағы жолаушы ауруханада көз жұмды. Ал жүргізуші ауыр хәлде жатыр. Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, апатқа себепкер болған мас жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Кейіннен оның 20 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Сондай-ақ ол тізгіндеген көлік ұрланған болып шықты. Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 3 бірдей бабы бойынша іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кету керек, күдікті бұған дейін де 2 рет сотталған.