Қаламыздың кішкентай бүлдіршіндері астаналықтарды мерекемен құттықтады. Олар қала тұрғындарына «Айналайын Астанам - асқақ әнім» атты концерттік бағдарлама ұсынды.
Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға оқушылар сарайының тәрбиеленушілері қатысты. Өнерпаздар өлең айттып, мың бұрала би биледі. Сондай-ақ, Астанаға арнап ән салып, ұлттық аспаптарда ойнады.
Соңынан, бас қаланың болашағына бей-жай қарамайтын балғындар, Астананың асқақтай беруін тілеп, жас қалаға арнап жылы лебіздерін білдірді.
Перизат Амангелді, қала тұрғыны:
Астанамыз әдемі бола берсін. Астанамыз үлкен болсын. Адамдар көбейе берсін.
Айдана ҮСЕНБАЙ