Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы саяси реформаларға оң бағасын беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы саяси реформаларға оң бағасын беруде

24.03.2022

Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы саяси реформаларға оң бағасын беріп отыр. Бұл туралы старатегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Саяси реформалар: шетелдік көзқарас» атты жиында айтылды. Сарапшылардың пікірінше Президент Жолдауында айтылған бастамалар елдің саяси жүйесіне және халықтың саяси мәдениетінің артуына септігін тигізеді. Онлайн жиынға Швеция, Польша, Словакия, Қытай, Тәжікстанның Қазақстан туралы зерттеулер жүргізіп жүрген сарапшылары қатысты. Жиында өзін-өзі басқару мен БАҚ еркіндігіне қатысты ұсыныстар айтылды. 

Әсел Назарбетова, ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы: 
Олардың пікірі біз үшін маңызды. Және жауапты. Себебі осы қаңтар оқиғасынан кейін әлемдік қауымдастықтың назары Қазақстанға ауды. Әртүрлі көзқарастар, сыни пікірлер де болды. 
Ермек Тоқтаров, ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы: 
Бұл саяси реформалар әлеуметтік-экономикалық дамудың, халықтың әл-ауқатының дамуына әсер етеді. Келесі сайлауларға дейін бұл өзгерістерді енгізіп, жүзеге асыруы керек. 

Президент Жолдауда нақты тапсырмалар бергенімен, оларды жүзеге асырудың алгоритімін пысықтау керек. Осылай деген сарапшылар бүгін «Sarap» эксперттік клубы алаңында «Саяси реформалардың жаңа бағдарламасы» атты дөңгелек үстелге қатысып, талқылау жүргізді. Депутаттар мен саясаттанушылар, елдегі партия өкілдері өз ұсыныстарын айтты.

Қазбек Майгельдинов, «Қазақстандық қоғамдық даму институтының» басқарма төрағасы: 
Дөңгелек үстелдің соңында біз арнайы резолюция қабылдаймыз. Сосын мүмкіндігінше Мемлекеттік хатшыға немесе Президент әкімшілігіне жіберуге тырысамыз. Әрбір саяси партия тарапынан, әрбір саяси күш тарапынан белгілі бір ұсыныс қажет. Соның нәтижесінде өзгерістер болады деп ойлаймын.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу