Павлодар облысында боранда адасқан балықшылар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында боранда адасқан балықшылар құтқарылды

24.03.2022

Бұл балықшылардың ес жиған сәті. Ақтоғай ауданы орталығында өрт сөндірушілермен жергілікті әкімшілік, полиция тарапынан құрылған құтқару тобы оларды қар басып, үсік шала бастағанда тапқан. Ертіс аңғарына балық аулауға шыққан азаматтар боранға қарамастан, іңір байланғанша қармақ салған. Ал, кейін қайтар жолда адасып кетеді. Құтқару тобы үш сағат іздеп түнгі 1-лер шамасында қос балықшыны үйлеріне жеткізді.


Хабарламаларға жазылу