30 наурыздан бастап Ресей Қазақстанмен құрлық шекарасындағы шектеулерді жояды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 наурыздан бастап Ресей Қазақстанмен құрлық шекарасындағы шектеулерді жояды

24.03.2022

Мұндай шешімді коронавирус инфекциясы таралуының алдын-алу жөніндегі жеделштаб қабылдаған. Ресей билігінің ресми Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес құрлық шекарасы арқылы барыс-келіс қайта қалпына келеді.

Бұған дейін құрлықтағы өткізу пунктерінен белгілі категориядағы азаматтар ғана өтіп келген. Енді жалпыға ортақ мұндай шектеулер алынып тасталмақ.


Хабарламаларға жазылу