Ұлыстың ұлы күніне орай қазақтың салт-дәстүрі Еуропада ұлықталды. Бельгиядағы Қазақстан елшілігінде тұсаукесер тойы өтті. Шараны ұйымдастырудағы мақсат-шетелдіктерге қазақтың салт-дәстүрін паш етіп, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықты дәріптеу. Қуанышқа ортақтасуға дипломаттар, қазақ диаспорасының өкілдері мен шетелдік меймандар қатысты. Аға буын өкілдері жиналғандарға атадан балаға мирас болған салт-дәстүрдің ерекшелігін түсіндіріп, маңыздылығына тоқталды.
Максимус Нойелс, америкалық мейман:
Мереке қатты ұнады. Менің де тұсауымды кішкентай кезімде осылай кескенде ғой деп қызығып кеттім. Өкінішке қарай, бізде Америкада мұндай дәстүр жоқ. Сәби допты таңдады. Демек, ол болашақта футболшы болады. Керемет.
Нұрсұлу Қасым