Қала күні Есіл өзенінің жағалауында тойлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала күні Есіл өзенінің жағалауында тойлануда

06.07.2014
Қала күні Есіл өзенінің жағалауында тойлануда

Шынар Асанқызы, тілші:

Астана арқа төсіне қоныс аударғалы Есіл барлық салтанатты думандарға куә болып келеді. Өйткені, жыл сайын негізгі мерекелік шаралар осында ұйымдастырылады.

Бүгін мұнда «Әуен ағысы» атты классикалық кеш өтпек. Ашық аспан астына керемет сахна орнатылған. Кешкісін Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртістері өнер көрсетпек.

Қала тұрғындары мен қонақтарына «Кармен Сюита» және «Шахризада» атты балет қойылым ұсынылады.

Хабарламаларға жазылу