Қазақстан елшілігі Украинадан Польшаға тағы 7 адамды жеткізді. Олардың арасында 12 және 4 жастағы екі бала бар. Елшіліктің Telegram-каналы жариялағандай ертең, Польшаның Катовице қаласынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялайтын гуманитарлық ұшақ жолға шығады. Ұшаққа отыру үшін птр тест нәтижесі қажет емес.