Ұлыстың ұлы күні «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыстың ұлы күні «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабы жарық көрді

21.03.2022

Наурыз – барша түркі жұртына ортақ мейрам. Халықаралық Түркі академиясы да Наурызды сән салтанатымен тойлады.

Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан сонымен бірге Мажарстан, Маңғолия, Тәжікстан сияқты мәдениеті ортақ елдердің елшіліктері бірігіп ұйымдастырды.

Шараға келгендер түркі музейін аралап, Тәжікстан елшілігі ұйымдастырған көрмені тамашалады. Балғамен төс соғып, байырғы түркі дәстүрін жаңғыртты. Бұл – жаңа күннің туғанын білдіреді. Түркі академиясы, сондай-ақ ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы қарсаңында кітаптың тұсаукесерін өткізді. «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» деп аталған кітап үш тілде жарық көрді.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:

– Биылғы жылдың мәні ерекше. Өйткені Барыс жылына қадам басып отырмыз. Еліміз жаңаруға, жаңа Қазақстанға қадам басып отыр. Сондықтан біз арнайы киіз үй тігіп, бүкіл осындағы Шығыс және Түркі халықтарының елшіліктерімен бірге олардың тағамдарын арнайы көрме ретінде ұйымдастырдық. Және біз А.Байтұрсынұлы жылын жариялаймыз.


Хабарламаларға жазылу