Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік шеберхана ұжымын құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік шеберхана ұжымын құттықтады

21.03.2022

Елімізде әлеуметтік кәсіпке ден қойғандар артып келеді. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау бар. Былтыр Сенат қабылдаған құжатта әлеуметтік кәсіпкерлікті заңнамалық реттеу мен дамыту тетіктері өзгерді. Мәселен, 2015 жылы жұмысын бастаған «грин-тал» әлеуметтік шеберханасы бүгінде берекелі еңбек ұжымына айналған. Мемлекет қолдауының арқасында әр өңірден шеберхананың филиалдары ашылды.

Шеберхана ұжымын Наурыз мерекесімен құттықтаған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолынан шыққан бұйымдарды тамашалады. Мұнда олар жұмыс істеп, табыс табумен қатар өз-өзін дамыта алады. Өнімдерін саудаға шығара бастаған ұжымда алпыстан астам адам жұмыс істейді.

Эмин Әскеров, әлеуметтік кәсіпкер:

– Жаңа заң қабылданбай тұрып бізде заңды статус болмаған. Бізді ешкім мойындамайтын. Біздің жұмысты тек қайырымдылық шарасы деп қабылдайтын. Бүгінде біздің кәсібіміз өз бағасын алып, дамып келеміз. Бұған дейін де осында бірнеше рет келген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбав қордаланған мәселелерге бей жай қарамай, толық шешемін табуға атсалысты.


Хабарламаларға жазылу