Батыс өңірдегі журналистер БАҚ туралы заңды қайта қарауды қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс өңірдегі журналистер БАҚ туралы заңды қайта қарауды қолдайды

19.03.2022

Батыс Қазақстандағы ақпарат құралдарының өкілдері Президент Жолдауында айтылған зор жауапкершілікті сезінеді. Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау, оң идеологияны орнықтыруда әрі қарай да еңбек ете бермек. Билік пен халық арасында «алтын көпір» болып, қордаланған мәселелердің оң шешілуіне ықпал етіп жүр. БАҚ өкілдері өз міндетін орындай отырып, тілшілерді құқықтық, мәртебелік жағынан қолдауды сұрайды. Ол үшін қайта қаралатын БАҚ туралы заңға ұсыныстар жолдамақ.

Алтынбек Ермекқалиев, облыс мәслихатының депутаты:

Мемлекеттің саясатын насихаттайтын, дәріптейтін ол – журналистер. Бізді бір қынжылтатыны, көңілімізді көншітпейтіні – журналистер белгілі бір санатқа жатпайды не мәртебесі жоқ. Мемлекет тарапынан қолдау-қамқорлықтың жетіспейтіні, әсіресе, қолына қалам ұстап, тәй-тәй басып келе жатқан жас тілшілерге үй жағынан болсын, мемлекеттен демеуқаржы болсын, қолдау болуы керек деп ойлаймын.

Сады Қуатбеков, Бурыл ауылының тұрғыны:

Барлық жерде қазір ауыл әкімі, облыс әкімі халықпен тікелей сөйлесіп, олардың іс-әрекеттері мен талап-тілектеріне қарай жұмыс істеп, халықтың жағдайын жақсарту үшін көптеген мәселелер қолға алынып, жүзеге асырылатыны туралы айтқанына өте қуаныштымын.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу