Алматыда «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» фестиваль-концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» фестиваль-концерті өтті

19.03.2022

Мерекелік шараны түрлі қоғамдық және студенттік қозғалыс ұйымдарының өкілдері ұйымдастырды. Шарада танымал спортшылар мен қоғам қайраткерлері жастардың рухын көтеріп, танымал өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты. «Мақсат пандемия мен қаңтар оқиғасынан кейін еңсесі түскен ұл-қыздарға қуаныш сыйлап, басын біріктіру»,- дейді ұйымдастырушылар.

Сырымбек Тау, шара ұйымдастырушысы: 
Біз Жаңа Қазақстанды құруымыз керек. Барлығымыз өсеміз, өнеміз. Осы жастарды біз тәрбиелесек, олар келер ұрпақты тәрбиелеуі қажет. 

Нұрсұлтан Тілектесов 

Хабарламаларға жазылу