Қызылордалықтар Наурыз мейрамы қарсаңында 700 түп тал отырғызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалықтар Наурыз мейрамы қарсаңында 700 түп тал отырғызды

19.03.2022

Қызылордалықтар Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Таза табиғат» акциясын ұйымдастырды. Тұрғындар қаладағы «Денсаулық» саябағына 700 түп тал егіп, шаһарды гүлдендіруге атсалысты. Сенбілікке зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен ерікті жастар шықты. Қаланың кіреберісіндегі жаңа саябаққа терек, қарағаш пен үйеңкі ағаштарының көшеттері егілді. Игі бастама енді әр сенбіде жалғасын тауып, тал егумен қатар қала тазалығына да айырықша ден қойылмақ.

Елена Пак, белсенді жас:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Біз жыл сайынғы дәстүрлі түрде тал егу үрдісіне қатысамыз. 

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу