Ауыл тұрғындары: Үкімет халық үнін естісе, ел де билікке қолдау білдіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл тұрғындары: Үкімет халық үнін естісе, ел де билікке қолдау білдіреді

18.03.2022

Ауыл жұртшылығы Жолдаудан кейін әр азамат сайлауда өз дауысының маңызды екеніне сенімі күшейеді деген үмітте. Мемлекет басшысының бастамалары тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, өмірін жақсартуға ықпал етуі тиіс. Ал үкімет халық үнін естісе, ел де билікке қолдау білдіреді, - дейді ауыл тұрғындары.

Қанжан Әбдірұлы, Ақкөл ауылының тұрғыны:

Сайлау жүйесін өзгерту, мемлекет басқаруға өзгерістер енгізу, Президенттің өзінің кейбір өкілеттерін Парламентке және басқа органға беру жөнінде. Бұның бәрі халыққа жақындау деп айтуға болады. Үлкен биліктің халықпен бірге болуы деген алғашқы қадамдарының бірі деп есептеймін. Әлде де мұнымен шектелмейді.

Мейрамбек Мамасеріков, Қостөбе ауылының тұрғыны:

Конституциялық сот бұрын біздің 90 жылдары болған екен. Кейін ол түрлі себептерге байланысты өзгертілген болатын. Қазір мінекей соны құру туралы да айтылып жатыр. Шынын айтқанда біз ойлағаннан да көп, жақсы дүниелер айтылып жатыр.


Хабарламаларға жазылу