Биыл қаңтар-ақпанда ел қазынасына түскен салық екі есе көбейген. Мемлекеттік бюджетке 2 трлн 640 млрд теңге түсті. Кірістер комитетінің хабарлауынша, бұған экспорттық шикізаттың қымбаттауы, тауар айналымының артуы себеп. Мәселен, былтырмен салыстырғанда мұнай бағасы 58,4%-ке өскен. Сонымен бірге шетелге сатылатын бірқатар металл қымбаттаған. Шикізатқа салынатын кеден бажы 58%-ке жуық өсті. Үшінші елдермен тауар айналымы бірнеше есеге артқан.
Ақерке Бектас