Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ішкі істер министрін қабылдады. Марат Ахметжанов Президентке еліміздегі криминогендік ахуал мен «қаңтар оқиғасы» кезінде жасалған қылмыстарды тергеуге қатысты баяндады. Қазір 2 988 қылмыстық іс қаралуда, 188 іс бойынша айыпталу актісі шыққан, оның 166-сы сотқа жіберілген. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру жайы сөз болды. Соның ішінде полиция жұмысын бағалау жүйесін қайта қарау, бюрократияны жою, сотқа дейінгі іс жүргізу процесін оңтайландыру, сондай-ақ, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту шаралары туралы айтылды.
Досжан Маратұлы