Биыл елде 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елде 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

18.03.2022

Биыл елде 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Сондай-ақ баспана жобалары мен жеңілдетілген несиеге 492 млрд теңге көзделген. Ал инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға 1,4 трлн теңге бағытталады. Бұл туралы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында сала министрі айтты. Қайырбек Өскенбаев құрылыс материалдары бағасының тұрақтанып жатқанын айтты. Әсіресе, арматура, газ блогы 3%-ға, шыны бағасы 18 пайыздай төмендеді. Қазір бизнес қоғамдастықпен бірлесіп мемлекеттік сатып алу және коммерциялық тұрғын үйді дамыту бойынша жүйелі шаралар пысықталып жатыр.  

Хабарламаларға жазылу